×

«Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды»: Мәжіліс депутаты Баян Алагөзоваға қарсы шықты

«Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой»

«Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды»: Мәжіліс депутаты Баян Алагөзоваға қарсы шықты
Фото: ашық дереккөздерден

Жақында «Замандас» подкастында танымал продюсер Баян Алагөзова қазақтың балаларының мектепте, жоғары оқу орындарына ұстаздарына «ағай», «апай» деп айатынын сынға алған еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Театр инстутында оқып жүргенде «Гүлнәр апай» деп сөйлейтін студенттерді көретінмін. Бұл институт. Қайдағы апай? Мектепте де сол. Сонда мәдениет, білім қайда? Бұл біздің менталитетке сіңіп кеткен. «Апай қойып беріңізші?» деп мұғаліммен келісу оңай. Сондықтан мұндай панибратствоны жою керек», - деген еді Баян Алагөзова «Замандас» подкастында.

Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса  мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой деп жазды.

«Осыған осылай кім жауап береді екен деп жүр едім, өзімде уақыт болмағасын. Күшті қарымта қайтарыпсың қазақ мүддесі үшін! Бұл мәңгүрттер өздері білмейтін қазақ тілі, қазақтың ұлттық ұғымы, қазақ мәдениеті туралы сөз қозғап несі бар десейші? Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой!», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүгін Халықаралық музейлер күні: Қазақстанда қанша мұражай бар
Кеше, 15:28

Бүгін Халықаралық музейлер күні: Қазақстанда қанша мұражай бар

Бұл мереке 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленген
Кіші жүздің биі атанған Әйтеке бидің кесенесі Өзбекстанның Науаи облысында орналасқан
Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →