×

Тасқыннан зардап шеккендерге 369 мыңнан бердік, енді қосымша 553 мың аударылады – Бектенов

Оның айтуынша, қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келеді

Тасқыннан зардап шеккендерге 369 мыңнан бердік, енді қосымша 553 мың аударылады – Бектенов
Фото: Ақорда

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қандай көмектер көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтқан. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастаған.

«Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылданды. Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым», - дейді премьер-министр.

Оның айтуынша, уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алған.

«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке (553 800) дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлердің шығындары өтелетінін айтты.

«Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан абыроймен өтеміз деп білемін. Дегенмен кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде», - дейді Үкімет басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті
Бүгін, 19:30

Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген
Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →