×

«Екі түрлі стандарт»: Ринат Зайытов ұлттық мүддені қорғағандар жазаланып, қоздыратындар бостандықта жүретінін айтты

Депутаттың сауалына министр Аида Балаева жауап берді

«Екі түрлі стандарт»: Ринат Зайытов ұлттық мүддені қорғағандар жазаланып, қоздыратындар бостандықта жүретінін айтты
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елде ұлтараздықты қоздыратындарға қатысты екі түрлі стандарт бар екенін айтып, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жасыратыны жоқ, біздің мемлекетте екі түрлі стандартпен өмір сүретін жағдай өте көп. Ұлтараздықты қоздырмаймыз деп, қазақ ұлтының мүддесін қорғаған адамдарды қамаймыз, жазалаймыз, айыппұл саламыз. Ал арамызда жүріп, соғысты, әлеуметтік нәсілдікті, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп жүрген адамдарды ешқандай жауапкершілікке тартпаймыз. Басқа ұлттың үстемдігін жарнамалайтын, тіпті қазақтарға «қазанбас», «нацпати» деп ат қоятындардың ешқайсысын жазалаған жоқпыз. Біздің мемлекеттің аумағында шетелдік арналар бар. Мемлекеттің қаржысын алып отырып, көрші мемлекеттерден «Қазақстанға соғыс ашу керек, тарихы жоқ» деп ақылға қонымсыз ақпараттар таратады. Бұларға шара қолдануға мүмкіндік бар ма? Екіншіден, жалған ақпарат тарататын министрліктер мен әкімшіліктер бар. Осыларды қалай жазалаймыз», – деді Ринат Зайытов.

Министр бұл мәселені саясиландырудың, күрделендірудің қажеті жоқ деп айтты. Ол 33 жылдың ішінде мемлекеттік тілді қолданудың аясы 2 пайыздан 62 пайызға өсті деп отыр.

«Қазір біз оны нақтылап қарадық. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі 80 пайыз. Яғни табиғи түрде өз кеңістігін кеңейтіп келеді. Заң бәрімізге бірдей, ешкімді алалап жатқан жоқпыз. Министрлік барлығына бірдей мониторинг жүргізеді. Заңбұзушылық болған жағдайда құзыретті органдарға беріп отырамыз. Олар өз тараптарынан зерделеп, сараптама жасайды. Бұл жерде ұлтқа байланысты ешкімді бөлмейміз. Қазақстан азаматтарының барлығына заң бірдей. Жалған ақпаратқа қатысты ұстаным да осындай», – дейді Аида Балаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →