×

Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі

Ол білікті мамандар бақылауында. 

Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі
CentralAsia.media

Сара Назарбаева қазіргі уақытта Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып qaz365.kz хабарлайды.

5 мамырда Сара Назарбаеваның жағдайы ауыр екені белгілі болған.

Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сәйкес, білікті мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады 9 мамыр күні кешке Ұлттық госпиталь өкілдері.

Аурухана әкімшілігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес науқастың диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы ақпарат дәрігерлік құпия санатына жататынын атап өтті. Мұндай деректерге қол жеткізу тек науқастың келісімімен немесе заңда көзделген басқа негіздер бойынша ғана мүмкін.

Сондай-ақ медициналық әдеп мен кәсіби жауапкершілік қағидаларына сай, медицина мекемелері пациенттің жеке медициналық мәліметтерімен жұмыс істеу барысында құпиялықты қатаң сақтау міндетіне ие. Ақпаратты жарияламау туралы шешім пациенттің жеке өміріне құрметпен қарау, құпиялылықты қамтамасыз ету және емдеу процесіне сыртқы араласудан қорғау мақсатында қабылданды, – делінген медициналық орталықтың жауабында.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Бір жылдан кейін олардың тұңғышы – Дариға дүниеге келді. Кейінірек Динара мен Әлия есімді қыздары өмірге келген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша
Бүгін, 15:23

Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша

Медиана жалақысы барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →