×

Қамыстан өнім алған Мұқағали

Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Қамыстан өнім алған Мұқағали

Қарауыл ауылындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Мұқағали Нұрлыбекұлы су өсімдігі қамыстан құнды өнімдер алуға болатын қызықты тәсіл ұсынып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі уақытта қамыс күнделікті өмірде көп қолданылмайды. Ал шын мәнінде қамысты ата – бабаларымыз шаруашылықта кеңінен пайдаланған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылық жұмыстарын атқарғанын білеміз», - дейді жас өнертапқыш.

Мұқағали жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Айдос Сайлаубековпен бірге  натрон әдісімен қамыс өсімдігінің сабағынан целлюлоза алуға қол жеткізіпті. Ол үшін алдымен, қамысты кесіп, жуып алған соң, оны қайнатқан. Одан түзілген қоспаны сүзгіден өткізіп, ұсақтап тураған екен. Сондай-ақ жас өнертапқыш қамыстан алынған целлюлоза өнімінің механикалық қасиеттері жағынан ағаштан өндірілетін қағаздан кем түспейтінін анықтаған.

Ізденісінің нәтижесінде Мұқағали қамыстан пульпекартон да жасап, одан жұмыртқа салатын лоток жасағаны да таңғалдырады. Қамыс сабағынан алынған целлюлозаны мектеп зертханасында пульперкартон алу үшін сынақтан өткізгені де бір қызық. Жұмыртқа салатын қорапшаның матрицасы 3D модельдеу арқылы робототехника зертханасында жасалды. Алынған модельге кептірілген целлюлозаны тағы да ұсақтап, крахмал ертіндісін қосып, қалыпқа құйып және кептірді. Нәтижесінде пульпекартон алды.

«Мұндай картон түрлерін жидектер мен жемістерге арналған науалар (лотки), жұмыртқа салатын лотоктар, кофе құйылған стакан ұстағыштары үшін және басқа да салада жасауға болады», – дейді Мұқағали. 

Оқушы осы жобаны ары қарай жалғастырып, тағы да мүмкіндіктерін зерттеп көрмек. 

Сәтжан Қасымжанұлы,
Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
17.05.2024ж. 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →