×

Алматы облысында кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөніндегі фронт-кеңсе құрылды

Кәсіпкерлер «Атамекеннің» басшысына өтініштерін айтты

Алматы облысында кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөніндегі фронт-кеңсе құрылды
Фото: atameken.kz

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен кездесу барысында инвестициялар тарту саласындағы проблемалар айтылды. Ұлттық палата басшысымен қатар кәсіпкерлермен кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Диалог Алматы облысының Өңірлік даму орталығы алаңында орналасқан Инвесторлардың құқықтарын қорғау фронт-офисінде өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер салық және кедендік преференциялар қолданылатын басым бағыттар бойынша ЭҚЖЖ жеткіліксіз санына қатысты проблемалар туралы айтты. Инженерлік-коммуникациялық желілер бойынша инфрақұрылымның болмауы және басқа да мәселелер атап өтілді. 

Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП аталған мәселелерді шешуге белсенді қатысатынын мәлімдеп,  Үкіметпен бірлесіп әзірлеген инвестициялық картаға назар аударды.

«Инвестициялық карта өңірлерде инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал ретінде қызмет ететін болады. Бұл карта нақты уақыт режимінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Онда процестің барлық қатысушының жауапкершілігі, соның ішінде белгіленген жоспарлардан ауытқу себептері жазылады», – деді Райымбек Баталов.

Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Күренкей қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі – проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқығы мен мүддесін қалпына келтіру екенін айтты.

Бұған қоса, Алматы облысы прокурорының орынбасары фронт-офисқа жолыққан кәсіпкерлермен тікелей байланыста болатынын ұйымдастырылатынын айтты. Енді прокурорлар жобаларды іске асыру кезінде түрлі проблемаларға тап болған кәсіпкерлер үшін құқықтық консультациялар өткізетін болады.

«Ол үшін құқықтық консультациялар беру және осы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге жәрдемдесу жөніндегі фронт-кеңсе құрылды. Инвесторлар кеңсе жұмысы туралы бұрыннан біледі. Прокуратурада қадағалау органы құзыретті мемлекеттік мекемелермен бірге ілгерілетуге тиіс инвестициялық жобалар пулы бар», – деді Азамат Күренкей.

«Біздің басты мақсатымыз – облыс экономикасына инвестиция тарту үдерістерін бақылауға алу және заңнамада көзделген инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау. Осы бағытта біз тиісті мемлекеттік органдар, инвесторлар және кәсіпорындармен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме
13.05.2024ж. 12:45

"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме

Үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі
Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →