×

“Бұл масқара”: Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған

Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті

“Бұл масқара”: Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Серікбол Хасан жазды. Кейін оны зерттегендер сол QR-код арқылы есірткі сатылатынына көз жеткізіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайына барғанбыз. Мына QR кодты ерлер әжетханасынан түсіріп алдым. Есіктің ішкі жағына жабыстырып кетіпті. QR кодты сканерлеп көріп едім, мына хабарландыру шықты. Meow дегеніне қарағанда закладчиктердің “қолтаңбасы” секілді. Синтетика ашық сатылып жатқан сияқты ма, қалай?” – деп жазады ол.

Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті. Сілтемені басқан Qaz365.kz тілшісінің зерттеуі расында да, кодтың артында есірткі сатушылар тұрған болуы мүмкін деген күмәнді растай түседі. Ондағы пікірлерде “кладты таптық” деп, белгісіз біреулерге алғыс  жазба қалдырылған. Кейбір адам “таппадық” деп те жазады. Мұндай кері реакцияны көп адам қалдырған. 

“Масқара! Ужас просто! Ссылкамен өттім. Наркотикалық заттар сатылып жатыр. 2 грамм 32 мың теңге!! Ужас куда смотрит наша полиция?!” – деп жазады Нұржан Сәдірбекұлы.

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған.

“Сіздің шағымыңыз қабылданды. Мәселені анықтаймыз”, – делінген басқарма жауабында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды
Бүгін, 15:26

Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды

Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады
Оның 4,7 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →