×

Бишімбаев жазадан құтылып кетсе не болады?

Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Бишімбаев жазадан құтылып кетсе не болады?
Фото: Jogargy_sot

Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгініп, оларды сотталушылар мен олардың қорғаушыларының сөзіне сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті, алқабилер! Мемлекеттік айыптаушылар, менің әріптестерім айтқан дәлел-дәйектің бәрін қабылдап, қорғау жағы, сотталушылар айтқан сөздерге сыни тұрғыдан қарауды өтінемін. Олардың айтқаны шындық емес! Олардың айтқанының бәрі де қылмыстық жауапкершіліктен жалтару амалы болады. Егер Бишімбаев осы іс бойынша қылмыстық қудалаудан құтылып кетсе, онда біздің елде қалудың бірдеңе істеудің өзінің мән-мағынасы қалмайды. Себебі мұндай жайттар қайталана береді», – деді Игорь Вранчев.

Вранчев Бишімбаев пен Байжанов өзара келісіп, сотта жауап берді деп есептейді. Оның айтуынша, Бишімбаев сот процесі барысында өзін білімді әрі діндар ретінде көрсеткісі келген. Ал Байжанов ауылдың аңқау жігіті сияқты көрінгісі келген. Екеуінің сөзі жалған деген Вранчев сотталушылар өзара сөз байласып отыр деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →