×

Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды

Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды
Фото: gov.kz

Байқоңырда 9 мамырда «Жеңіс парады» өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала әкімшілігі 9 мамыр күні Ленин алаңында «Жеңіс парады» өтетінін, мерекелік концерт пен митинг ұйымдастырылатынын хабарлаған. 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты елімізде әскери шеру өтпейтінін мәлімдеген. Қазақстанда 9 мамырға арналған мерекелік шерулерді өткізу пандемиядан кейін тоқтап қалған болатын. 

Айта кетейік, Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілген қала. Ол үшін көрші мемлекет Қазақстанға жылына 115 млн АҚШ долларын төлейді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →