Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз болады

Qaz365.kz редакциясы

Ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша ауа райы болжамы 2024 жылғы 5-7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер тұрақсыз ауа райын әкеледі: бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде – жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде еліміздің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде, орталығында 15-20 аязға дейін, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 аязға дейн, таулы аудандарда 10-16 аязға дейін төмендейді», – делінген ауа райы болжамында.