Жаңбыр, боран, тұман: еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Қазгидромет ескерту жариялады

24.kz

22 ақпанда Астанада және еліміздің 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қонаевта күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік батыстан соққан желдің 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады.  Облыстың орталығында, батысында оңтүстік батыстан солтүстік батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 23-28 м/с жылдамдық қатты жел соғады.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында, солтүстігінде оңтүстік батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Түркістанда оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Көкшетауда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында боран, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жезқазғанда жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Қостанайда түнде және таңертең боран ұйытқиды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың көп бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде 23 м/с құрайды.