Синоптиктер болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласында 2025 жылдың 1, 2 және 3 сәуіріне арналған ауа райының егжей-тегжейлі болжамын жариялады. Астанада қар жауады деп болжанса, Алматы мен Шымкентте ауа температурасы сәйкесінше 22 және 26 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Астана
1 сәуір: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0+2°, күндіз +8+10°C.
2 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +12+14°C.
3 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0+2°, күндіз +16+18°C.
Алматы
1 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +15+17°C.
2 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +15+17°C.
3 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5+7°, күндіз +20+22°.
Шымкент
1 сәуір: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4+6°, күндіз +22+24°С.
2 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +23+25°C.
3 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +24+26°C.
Бұған дейін синоптиктер 31 наурызда Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.