Мамырдың ортасы ерекше ыстық болады.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райының орнауына себеп болады.
Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында да +30…+35°С дейін аптап ыстық күтіледі. Алайда батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал, - делінген синоптиктер болжамында.