Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Qaz365.kz редакциясы

Аптап ыстықтың беті қайтады. 

Pixabay.com

«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі. Тек 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жаңбыр мен бұршақ 17 мамырда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17-18 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 18 мамырда Ұлытау, Түркістан облыстарында, 18-19 мамырда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында, 19 мамырда Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жамбыл облыстарында болжанады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 17-18 мамырда батыс және солтүстік өңірлерде тұман түсуі ықтимал.