Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды: Қалада ауа температурасы экстремалды деңгейге дейін көтеріледі

Nur-Altay Umirzak

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр

Сурет: М. Золотухин

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылдың 17 мамыр, сенбі күні Алматыда аномальды ыстық ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, ауа температурасы экстремалды деңгейге дейін көтеріледі. Осыған байланысты қалалық ТЖД дауылды ескерту жариялап, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Құтқарушылардың ұсынымдары:

– тауға шыққанда от жақпау, темекі қалдықтары мен сіріңкені тастамау;
– электр желілерін шамадан тыс жүктемеу – бұл қысқа тұйықталу мен өртке себеп болуы мүмкін;
– балаларды көлік ішінде тіпті қысқа уақытқа қалдырмау;
– күннің белсенді уақытында серуенге шықпаудан және күн астында ұзақ болудан бас тарту.

Тұрғындарға сыртқа шығу жоспарын алдын ала құрып, ауа райын ескеріп, ыстықтан және күн өтуден сақтану ұсынылады.