Елімізде ауа райы қандай болады

Qaz365.kz редакциясы

Шығыста күн салқындап, батыста ыстық болады. 

Pixabay.com

Қазгидромет мамандары алдағы күндері шығыс өңірде үш градус үсік жүреді деп болжап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Суық антициклон елдің шығыс бөлігіне әсер етуін жалғастырады. Түнгі уақытта жекелеген аудандарда 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Тіпті республиканың оңтүстік-шығысында да күннің салқындауы байқалады. Алайда күндіз 20-25 градусқа дейін күн жылы болады, – делінген мәліметте. 

Елдің батысына Иранның жылы ауа массалары әсер етеді, жауын-шашын болмайды және ауа температурасы 33-38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.