Мамандар тұрақсыз ауа райы күтілетінін алға тартты.
«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан келетін жаңа циклон салдарынан найзағайлы жауын-шашын күтіледі. Бұл құбылыс Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде қатты жаңбырмен жалғасып, кейбір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 20-28 градус аралығында сақталса, оңтүстік өңірлерде біртіндеп төмендеу байқалады. Дегенмен 7 маусым күні түстен кейін термометр көрсеткіштері 27-35 градусқа дейін көтерілмек, - делінген мәліметте.