Елімізде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі

Qaz365.kz редакциясы

Бірақ кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. 

Pixabay.com

12-14 маусым аралығында Қазақстанда жазғы ыстық ауа райы күтіледі: солтүстікте ауа температурасы +33 °C-қа, ал оңтүстікте +38 °C-қа дейін көтеріледі. Алайда кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағына жылы ауа массаларының енуі жазғы ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.

Соған қарамастан, фронтальді жүйелердің де әсері сақталады. Сондықтан күндізгі уақытта солтүстікте +25…+33 °C, ал оңтүстікте +30…+38 °C аралығында ыстық тіркелсе де, кейбір өңірлерде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.