Жаңбыр мен дауыл: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Qaz365.kz редакциясы

Кей өңірде бұршақ жаууы мүмкін. 

Pixabay.com

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіліп, бұршақ түсуі мүмкін.

Сондай-ақ желдің күшеюі, ал оңтүстікте – шаңды дауыл болжанып отыр.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді:

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде күндіз +18...+30°С;

Орталықта +20...+33°С;

Шығыстың кей аудандарында күн +35°С-қа дейін ысиды;

Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қапырық ыстық сақталып, ауа температурасы +35...+40°С-қа дейін жетеді. Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.