Елімізде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі

Qaz365.kz редакциясы

Кей өңірлерде жауын-шашын күтіледі. 

Pixabay.com

«Қазгидромет» 28-30 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі, ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауып, күшті жаңбыр болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар желдің күшеюі болжануда, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Ал ауа температурасына келсек, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндізгі уақытта термометр бағандары батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыны, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус жылыны, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градусты көрсетеді.