Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Qaz365.kz редакциясы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы. 

Pixabay.com

Синоптиктер 2025 жылдың 5, 6 және 7 шілдесіне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдағы күндері ел аумағында қатты жаңбыр мен аптап ыстық күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, құрғақ ауа райы тек елдің оңтүстігінде сақталады, ал басқа өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жауын-шашын болады.

Атап айтқанда, мынадай қолайсыз ауа райы болжанып отыр:

5 шілде күні – солтүстікте нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін;

5-6 шілде аралығында – шығыста қатты жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі.

Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде шаңды дауылмен бірге желдің күшеюі мүмкін екені ескертілді.

Синоптиктер 5 шілдеде аптап ыстықтың шарықтау шегіне жететінін айтады:

шығыста – +40…+42°C,

оңтүстікте – +45…+46°C,

оңтүстік-шығыста – +40…+45°C дейін көтеріледі.

Ал елдің басқа өңірлерінде температура айтарлықтай өзгермейді.