Елімізде күн күрт салқындайды

Qaz365.kz редакциясы

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Pixabay.com

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18-19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41-44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42-43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі ыстық болжанады. 18-19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45-46°С дейін аптап ыстық күтіледі.

Солтүстік өңірлерде түнгі температура 8-18°С дейін, күндізгі температура 17-25°С дейін төмендейді.