Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде нөсер жауын, оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі

Qaz365.kz редакциясы

Температуралық көрсеткіштерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26-28 шілде аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Qaz365.kz хабарлауынша, еліміздің солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр жауса, оңтүстікте күн күрт ысиды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында циклон әсерінен бұлтты, кей тұста ашық ауа райы болады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде күн күркіреп, нөсер жауады, бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұруы ықтимал, – деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Температуралық көрсеткіштерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Сонымен қатар синоптиктер Алматыда жауын-шашынсыз аптап ыстық кемінде 27 шілдеге дейін сақталады деп отыр. Қалада ауа температурасы +39°C-қа дейін көтеріледі.