Еліміздің үш мегаполисінде ауа райы қандай болады

Qaz365.kz редакциясы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды. 

Pixabay.com

Синоптиктер 13-15 тамыз аралығында Қазақстанның үш ірі қаласына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Астанада жауын-шашын күтіледі, ал Алматы мен Шымкентте көбіне құрғақ әрі ыстық болады. Кей аймақтарда ауа температурасы +37°C-қа дейін көтеріледі.

Астана

13 тамыз: Ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

14 тамыз: Күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Түнгі температура +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

15 тамыз: Күн бұлтты, жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.

Алматы

13 тамыз: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел әлсіз. Түнде +21…+23°C, күндіз аптап ыстық +34…+36°C.

14 тамыз: Күн бұлтты, күндіз жаңбыр және найзағай күтіледі. Температура түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.

15 тамыз: Күн бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Шымкент

13 тамыз: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

14 тамыз: Бұлтты, құрғақ ауа райы. Жел 13 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.

15 тамыз: Бұлтты, жаңбырсыз. Жел екпіні 13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.