Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы.
14, 15 және 16 тамыз күндері елімізде ауа райы күрт өзгеріп, кей өңірлерде нөсер жауын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Мұндай болжамды «Қазгидромет» РМК синоптиктері жариялады, деп жазады Qaz365.kz.
Бұған солтүстік-батыс циклоны әсер етуде. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауады. Оңтүстікте, аптап ыстыққа қарамастан, өткінші жауын мен найзағай болады. Ел аумағында желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Аймақтар бойынша ауа температурасы:
Батыс: түнде +13…+18°C, күндіз +20…+30°C.
Солтүстік-батыс пен солтүстік: түнде +10…+18°C, күндіз +18…+26°C.
Орталық пен оңтүстік-батыс: күндізгі ыстық аздап бәсеңдейді – +25…+33°C, кей жерде +20…+28°C.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс: +33…+38°C-тан +30…+35°C-қа төмендейді.
Шығыс: күндіз +25…+30°C шамасында қалады.