Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Qaz365.kz редакциясы

Ел аумағына солтүстік-батыстан жылжып келе жатқан циклон әсер етеді.

Pixabay.com

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің айтуынша, ел аумағына солтүстік-батыстан жылжып келе жатқан циклон әсер етеді. Оның ықпалынан кей өңірлерде күн бұлттанып, найзағайлы жаңбыр жауады. Кейбір аймақта бұршақ жаууы және желдің күшеюі ықтимал.

19 тамызда қатты жауын-шашын батыс пен шығыста күтілсе, 20-21 тамызда – солтүстік-батыста, ал 21 тамызда солтүстікте байқалады. Ал оңтүстік өңірлерде антициклонның ықпалынан негізінен ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Ауа температурасына келсек, солтүстікте түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C дейін төмендейді. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C, күндіз +22…+29 °C шамасында болады. Қалған өңірлерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.