Елордада бір күн ғана жаңбыр жаууы ықтимал.
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ауа райы болжамына сәйкес, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Ал елордада бір күн ғана жаңбыр жаууы ықтимал.
Астана
27 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +30…+32°С.
28 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейіп, 14 м/с дейін жетеді. Түнде +16…+18°С, күндіз +32…+34°С.
29 тамыз: ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +22…+24°С.
Алматы
27 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18°С, күндіз +31…+33°С.
28-29 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғады. Түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С.
Шымкент
27-29 тамыз: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Түнгі температура +18…+20°С, күндіз +35…+37°С.