Мейрам күндері ауа райы қандай болады

Qaz365.kz редакциясы

Синоптиктер болжамы

turkystan.kz

Синоптиктер 21-24 наурызда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады", - делінген хабарламада.