Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, үсік жүреді

Qaz365.kz редакциясы

Қазгидромет алдағы үш күнде бірнеше өңірде күн суитынын ескертті

Ашық дереккөзден

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен үсік күтіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және соған байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер айқындайды. Найзағайлы жаңбыр жауады, 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша желдің күшеюі, кезеңнің соңында солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі», – делінген дүйсенбі күні жарияланған 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында.

Ауа температурасы:

  • Батыста түнде +5...+16°С, күндіз +18...+28°С;

  • Солтүстік-батыста түнде +1...+10°С, кей жерлерде топырақ бетінде -1°С үсік, күндіз +15...+23°С;

  • Солтүстікте түнде +2...+10°С, кей аумақта үсік -1°С, күндіз +15...+23°С;

  • Орталықта түнде +2...+11°С, күндіз +10...+20°С;

  • Шығыста түнде +1...+6°С-тан +2...+10°С-қа дейін жылынады, кей өңірлерде үсік -1°С, күндіз +15...+20°С;

  • Оңтүстікте түнде +8...+18°С, күндіз +15...+25°С;

  • Оңтүстік-шығыста түнде +10...+18°С, күндіз +15...+25°С.