Еліміздің оңтүстігінде күздің жылы лебі сезілсе, елордада алдағы қыстың салқыны анық байқала бастады.
Қазанда ауа райы биыл тосын мінез танытып отыр. Мәселен, Алматыда бар болғаны бір күннің ішінде температура -3 °C суықтан +22 °C жылыға дейін ауысты. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылдың 16-18 қазан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күтілетін ауа райы жөнінде болжам жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Астана:
16 қазан – бұлт аралас күн, жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -5…-7 °C, күндіз +7…+9 °C.
17 қазан – ауа райы айтарлықтай өзгермейді, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с шамасында. Түнде -2…-4 °C, күндіз +7…+9 °C.
18 қазан – бұлтты ауа райы, кей жерлерде аздап жаңбыр не қар жауады. Желдің екпіні 18 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде 0…+2 °C, күндіз +7…+9 °C.
Алматы:
16 қазан – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Түнде -1…-3 °C дейін үсік күтіледі, күндіз +14…+16 °C.
17 қазан – жылы әрі ашық күн, жел. Түнде +6…+8 °C, күндіз +20…+22 °C.
18 қазан – жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10 °C, күндіз +18…+20 °C.
Шымкент:
16 қазан – жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел екпіні 8-13 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +25…+27 °C.
17 қазан – ашық, жауын-шашынсыз. Түнгі температура +10…+12°C, күндіз +23…+25 °C.
18 қазан – бұлтты, бірақ жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 13 м/с дейін жетуі ықтимал. Түнде +10…+12 °C, күндіз +20…+22°C.
Осылайша, еліміздің оңтүстігінде күздің жылы лебі сезілсе, елордада алдағы қыстың салқыны анық байқала бастады.