Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Qaz365.kz редакциясы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге – 2025 жылғы 18, 19 және 20 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде ауа температурасы нөлден төмендесе, күндіз +5…+10 °С дейін жылынады. Ал оңтүстік өңірлерде нағыз алтын: күндізгі температура +15…+20 °С шамасында болады, – деп нақтылады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Аздаған жауын-шашын тек солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күтіледі. Бұл өңірлерде атмосфералық фронттардың белсенділігі ауа райының ауыспалы болуына әсер етеді.