Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
“Қазгидромет” 2025 жылғы 2-3 қараша күндері Батыс Қазақстан облысында дауіылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Батыс Қазақстан облысында 3 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларын ескертеді.