Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тұман мен көктайғақ болады – Қазгидромет

Qaz365.kz редакциясы

Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады

Жасанды интеллект арқылы жасалған

“Қазгидрометтің” болжамы бойынша, 9 наурызда еліміздің бірнеше облысында қар, жаңбыр, боран және қатты жел болжанып отыр. Ал оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанада күн ала бұлтты, кей уақытта қар, боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 9–14 м/с, кей уақытта 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-7°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3–8 м/с, күндіз 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.

Шымкентте күндіз жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысы мен оңтүстігінде 12-17 градус аязға дейін күрт төмендейді. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың  батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысы мен солтүстігінде 25 градус аязға, оңтүстігінде 7-12 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 наурызда түнде 25-30, облыстың солтүстігінде 33, оңтүстігінде 22 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, орталығында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында онтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: онтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысындасолтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Атырау облысының жауын-шашын (көбіне қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.