Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне Арктикалық антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі
Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне Арктикалық антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болады.
Түнде Маңғыстау облысында - 25 градус аяз болады, Атырау облысында - 30 градус, Ақтөбе облысында - 35-39 градус, Қостанай облысының шығысында - 40 градус-қа дейін жетеді.