Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Qaz365.kz редакциясы

Қолайсыз метеорологиялық жағдай

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 27 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау және Алматы қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.