Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды: тұман, көктайғақ, қар аралас жаңбыр

Qaz365.kz редакциясы

3 ақпанда Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

i1.wp.com

3 ақпанда Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман түседі деп болжанады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Қызылорда қаласында да көктайғақ болады, тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтауда күндіз қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. 

Павлодар облысының батысында тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.