Қазақстанда күн 30 градусқа дейін ысиды

Qaz365.kz редакциясы

7 қазанға қарай күн бұлттанады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 5, 6 және 7 қазан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Болжамға сәйкес, батыста скандинавиялық антициклонның әсерінен 5-6 қазанда елдің солтүстік және шығыс аймақтарында күн шуақты болады. Тіпті, батыста  күн 23-30 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста күн 15-23 градусқа дейін ысиды, ал түнгі уақытта ауа температурасы төмендейді.

7 қазанға қарай күн бұлттанады, жауын-шашын, желдің күшеюі және күнделікті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.