Биткоин құны тарихта болмаған көрсеткішке өсті

Nur-Altay Umirzak

 Биткоинның құны жыл басынан бері 11,5 пайызға көтерілген

Сурет: cryptorank.io

Биткоин тағы да тарихи рекорд жаңартып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы The Finance қаржы агенттігі мәлімдеді.

Әлемдік сұранысқа ие цифрлық ақшаның бүгінгі құны –  109 мың 857 долларға жетті. Бұл қаңтар айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Мамыр айында бірнеше рет құлдыраған криптовалютаның қайта шарықтауына жаһандық геосаяси ахуалдың біршама тұрақталуы түрткі болған. Ең басты себеп ретінде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінің бәсеңдеуінен деп айтылады. Одан бөлек, қарызға қатысты Америка рейтингінің төмендеуі, елдегі инфляцияның азаюы цифрлық валютаға ықпал еткен.

Сарапшылардың пікірінше, ашық компаниялар иелігіндегі биткоин көлемі 31 пайызға өсіп, 349 млрд долларға жетті. Ал оның бағасы жыл басынан бері 11,5 пайызға көтерілген.

Алдағы уақытта, биткоин құны тағы да шарықтауы мүмкін. Себебі, қазір АҚШ криптовалютаны дәстүрлі қаржы жүйесіне енгізу туралы заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл доллар мен бірге криптовалюта да күнделікті қолданыс пен сауда-саттықта қатар жүреді деген сөз.