Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 14 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Доллар бағамы 9,65 теңгеге көтеріліп, 456,66 теңге болып бекітілді.
Өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 445,98 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,04 теңге болды.
Qaz365.kz тілшісі экономистердің теңгенің күшеюі жайлы пікірін біліп көрген еді. Экономистер мұның уақытша екенін айтқан болатын.