Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Qaz365.kz редакциясы

АҚШ долларының орташа бағамы 542,29 теңгені құрады. 

Pixabay.com

12 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстандағы доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 542,29 теңгені құрап, 0,49 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 12 тамызға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 542,66 теңге.

kurs.kz дерегінше, Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағасы – 541,47 теңге, сату бағасы – 543,63 теңге. Ал Астанада америкалық валютаны орта есеппен 538,73 теңгеден сатып алып, 545,71 теңгеден сатады.