KASE-дегі доллар бағамы төмендеді

Qaz365.kz редакциясы

Әлемдік мұнай бағасы да төмендеуде.

Pixabay.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 25 қыркүйегінде, сағат 15:30-да шетелдік валюталар бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 541,68 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,92 теңгеге арзандады.

Ресей рублі бағамы өзгеріссіз қалды - 6,49 теңге.

Таңертеңгі саудада қытай юанінің орташа бағамы 75,94 теңге болып, 0,38 теңгеге төмендеді.

Валюта айырбастау пункттеріндегі баға мынадай:

доллар - 542,1-544,5 теңге,

еуро - 635,5-639,5 теңге,

рубль - 6,39-6,51 теңге.

Сонымен қатар әлемдік мұнай бағасы да төмендеуде. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,24 долларға арзандап, 69,07 долларды құрады. Нью-Йорктегі NYMEX алаңында Light маркалы мұнай бағасы 0,26 долларға түсіп, 64,73 долларды көрсетті.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми бағамдарды белгіледі: доллар - 542,8 теңге, еуро - 637,84 теңге, рубль - 6,49 теңге.