Доллар бағамы 6 теңгеге төмендеді

Qaz365.kz редакциясы

29 наурыздағы ресми бағамы - 455,00 теңге

newsbtc.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 наурыздағы ресми бағамы - 455,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,87 теңге, сату – 451,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,57 теңгеден сатып алынып, 449,75 теңгеден сатылып жатыр.