Доллар бағамы төмендеді

Qaz365.kz редакциясы

3 мамырдағы ресми бағамы - 449,15 теңге

heritageconsultants.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,45 теңгеге төмендеп, 442,52 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 3 мамырдағы ресми бағамы - 449,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 444,54 теңге, сату – 448,21 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,03 теңгеден сатып алынып, 448,28 теңгеден сатылып жатыр.