Министрлік тарапынан қандай қолдау бар
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов төтенше жағдай қызметкерлерлерінің баспаналы болуы үшін қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазіргі таңда көптен бері осы заң қабылданбай тұрып, бізде тұрғын үй төлемдері жағынан көптеген қиындықтар болды. Егер осы түзетулер заңға еніп, қол қойылса сол уақыттан бастап тұрғын үй төлемдері төленетін болады.
Министр төтенше жағдай қызметкерлерлері үшін баспана алуға әртүрлі механизмдер мен бағдарламалар бар екенін жеткізді.
«Біздің құтқарушыларға жақсы мүмкіндік болады. Өйткені сол төлемдерді жинақтап баспана алуға немесе оны жалға алуға болады. Әртүрлі механизмдер бар. Тура әскерилердің, ІІМ-нің бағдарламалары сияқты біздің де құтқарушылар соған қол жеткізе алады. Осының арқасында көп адамның баспана мәселесі шешіледі. Сондай-ақ жатақханалар салып жатырмыз. Алғашқы уақытта жас мамандар келгенде екі-үш жылдай, шоттарына керекті қаржыны жинағанша сол жақта тұратын болады. Осы министрлік тарапынан қолдау», – деді Әрінов.