"Пәтер жалдау ақысы": Жалдау құны ең қымбат және ең арзан өңір белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

Елде пәтер жалдау ақысы бір жылда 10% көтерілген

Сурет: Qaz365.kz/ B. Karipov

Елде пәтер жалдау ақысы көтеріліп, құны тағы да қымбаттайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ақпарат жариялады.

 Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарасақ, әсіресе Астана, Талдықорған және Шымкент қалаларында баға өскен. Қазір ең жоғары баға Алматыда. Мұнда бір бөлмелі пәтерді орта есеппен 218 мың теңгеге жалға алуға болады. Ал Астанада 205 мың. Ең арзан баға – Таразда. Мұнда пәтерақы 87 мың теңге.

Баспананы жалға алу құны тағы өсуі мүмкін. Сарапшылар мұны доллардың құбылып, құрылыс материалдарының қымбаттауымен және туу көрсеткішінің артуымен байланыстырып отыр.