Брондау: 3 сәуір сағат 10-00-ден бастап 16 сәуір 23-00 аралығында
Қарағанды қаласындағы Отбасы Банк Чапаев көшесі 176 үйді ипотекаға беру үшін 3 сәуірде өтінім қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату"/"Жылдық 5%-дан аспайтын аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштер қабылдау басталды”, – делінген хабарламада.
9-қабатты 108-пәтерлі тұрғын үйдің нысан коды 5123. Үйге жөндеу қажет емес, әрлеуден толық өткен (черновой емес).
Тұрғынүйдің бір шаршы метрі – 229 000 теңге.
1 бөлмелі - 36 пәтер, ауданы 34,00 ш. м.
1 бөлмелі - 36 пәтер, ауданы 41,80 ш. м.
2 бөлмелі - 36 пәтер, ауданы 58,30 ш. м.
Кімдер өтінім бере алады:
- үй кезегінде тұрған көпбалалы,
- мүгедек баласы барлар,
- 1-2 топ мүгедектері,
- жетім және ата-анасыз қалған балалар.
Өтінімді otbasybank.kz сайтында өтінім бере аласыз. Бірақ, әуелі Отбасы банкінен депозит ашып, пәтер құнының 10% ақшасын депозитке салу керек.
Егер банк іріктеуінен өтсеңіз мемлекет алғашқы жарнасын төлейді. Екі гарант ұсынуға болады.
Брондау: 3 сәуір сағат 10-00-ден бастап 16 сәуір 23-00 аралығында.
Брондау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күннен соң нәтижесі жарияланады.
Ипотекаға өтінімді Қарағанды қаласы Чкалов көшесі 7 үй, Отбасын қолдау орталығында бере аласыз. Депозит ашып келу міндетті.