"Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламалары: өтініш қабылдау қарашада қайта басталады

Qaz365.kz редакциясы

Қосымша 500 млрд теңге бөлінді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елімізде мөлшерлемесі 7-9 пайыз болатын ипотека үшін қосымша 500 млрд теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдаудың жаңа кезеңі биыл қарашада басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Қазақстанда субсидияланған тұрғын үй бағдарламаларын қолдауды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатта "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламаларына қосымша 500 млрд теңге бөлінді.

 

Бағдарламалар бойынша өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі 2025 жылдың қарашасына жоспарланған, бірақ оған қатысу шарттары кейінірек хабарланады.

"Қазір оның механизмдері ойластырылып жатыр: Жаңа конкурсқа өтінімдер қабылдай бастаймыз немесе наурыз айында қатысқан, бірақ шарттарға сай келмегендерге несие береміз", - деді "Отбасы Банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Айта кету керек, бағдарламаға қатысатын құрылыс салушылар алдағы үш жылда салынып жатқан пәтерлерінің бағасын осы деңгейде ұстап тұру туралы келісімдерге қол қояды.

Естеріңізге сала кетейік, "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" бағдарламаларының шарттары төмендегідей:

7 пайыздық мөлшерлеме – халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы азаматтар үшін, басқа қазақстандықтар үшін мөлшерлеме – 9 пайыз;

Бастапқы жарна: әрленген пәтерлер үшін 10 пайыз, жөндеусіз сатып алынатын пәтерлер үшін 20 пайыз ;

Несие сомасы: Алматы мен Астана қалаларына 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерге 30 млн теңгеге дейін;

Алматы мен Астанада тек жаңа тұрғын үй сатып алуға болады, ал басқа аймақтарда – кез келген тұрғын үй, соның ішінде қайталама нарықтағы жеке үйлерді алуға болады;

Қарыз алушының соңғы 5 жылда жеке баспанасы болмауы керек;

Қатысушының "Отбасы банкінде" кемінде 2 млн теңге депозиті болуы керек.

Бұл ретте "Наурыз жұмыскер" ипотекасына өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары салаларының мамандары қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әскери қызметкерлерге арналған "Әскери баспана" ипотекалық бағдарламасы қайта ашылады. Толық ақпарат 20 қазанда жарияланады.