KEGOC топ-менеджментінің сыйақысы 577 млн теңгеге дейін өсті

Nur-Altay Umirzak

KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады

Сурет: kz.kursiv.media

KEGOC топ-менеджментінің сыйақысы 577 млн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы KEGOC АҚ-тың KASE-де жарияланған "2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айлық кезеңі" аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сілтеме жасай отырып, QAMS QazTrading, телеграм-арнасы хабарлаған.

“KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады. Осы жылдың 9 айында сыйақы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға өскен. Ал 2023 жылдың 9 айында компанияның басқарушы персоналы 370 млн теңге алған. Сыйақы ұғымына жалақы және басқа да шығыстар (салықтар, сауықтыруға материалдық көмек, аурухана, демалыс) және есепті кезеңдегі қызмет қорытындылары бойынша сыйақылар кіреді”, – делінген ақпараттық хабарламада.

 

«KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы 1996 жылы құрылған. Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігі мен озық дамуын қамтамасыз етуге міндетті. «KEGOC» филиалдарының теңгерімінде жалпы ұзындығы 27 807,454 шақырымдық (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде 395 әуе электр жеткізу желілері бар. Компанияның негізгі акционері — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (85%).