Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
Алтынмен тең «Цифрлық монета» 2025 жылы іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы орайда бүгін 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және ел қаржыгерлерінің кәсіби мерекесімен “Qaz365.kz” ұжымының атынан барша қазақстандықтарды құттықтаймыз.
«Цифрлық инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген доллардың теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады», - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.
Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады.
«Цифрлық инвестициялық монета» жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық Банкке кері сатуға, сыйлауға, сондай-ақ олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады», - делінген хабарламада.