Маралдыда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

Qaz365.kz редакциясы

Компанияның өкілдері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайтынын жеткізді

"ВСАМ Продакшн" ЖШС өкілдері Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Біз фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алдық және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істей бастаймыз", – деді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаев.

Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті.